Шымкент қаласында тұңғыш рет жалауы көтерілген грек-рим күресінен КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Николай Михайлович Ставицкийді еске алуға арналған Республикалық ашық турнирге көршілес елдермен қатар мынадай облыстың балуандары қатысуда:
- Астана қаласы;
- Алматы қаласы;
- Абай облысы;
- Алматы облысы;
- Атырау облысы;
- Батыс Қазақстан облысы;
- Жамбыл облысы;
- Жетісу облысы;
- Қарағанды облысы;
- Қостанай облысы;
- Қызылорда облысы;
- Маңғыстау облысы;
- Павлодар облысы;
- Солтүстік Қазақстан облысы;
- Түркістан облысы;
- Ұлытау обылысы;
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Алматы қаласы;
- Астана қаласы;
- Шымкент қаласы;
- Қырғызстан Республикасы;
- Өзбекстан Республикасы;
Міне осы жеңіл атлетика кешеніндегі боз кілемде 200 ден аса дарынды балуандар бүгінгі додада өнерлерін сынға салмақ.
Өңіріміздің күрес тарихына үңілетін болсақ қаламыздың спортшылары Мейіржан Шермаханбет 2018 жылы Будапешт қаласында (Венгрия) өткен Әлем чемпионатында 67 килограмм салмақта өнер көрсетіп жүлделі 3-орынға ие болған еді. Сонымен қатар үстіміздегі жылы Улан Батор қаласында (Монғолия) өткен Азия Чемпионатында қос жерлестеріміз Шермаханбет Мейіржан 67 кг. салмақта және Сызыдықов Алимхан 130 кг. салмақта алтын тұғырдан көрініп Азия спортшыларын тізе бүктірген еді.
Қазіргі таңда, қаламызда бұқаралық спортты дамытумен қатар, жоғары спорт шеберлігін одан әрі жетілдіру жұмыстары қолға алынған. Қала әкімдігі тарапынан спорт саласына әрдайым қолдау көрсетілуде. Спорт саласын Николай Ставицкийдің шәкірті, ҚРЕСЖ олимпиада ойындарының қола жүлдегері Елена Шалыгинаның жеке бапкері Бауыржан Тұманбаев басқарады. Алдағы жылдары турнирдің аясы кеңейіп,спорт шебері атағын беретін ірі жарыс болмақ.
Мықтылардың жеңуіне тілектеспіз!