Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 2022 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалымен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету функциялары бекітілген қызметшілерге арналаған арнайы бағдарламалар бойынша оқытулар ұйымдастырылды.
Оқыту бағдарламасы сервисология, әлеуметтану саласындағы ғылыми білімді, сондай-ақ күйзеліске төзімділік, клиентке бағдарлану, заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану практикалық дағдыларын қамтыды.
Оқытудың ең басты мақсаты халықпен тиімді және тығыз жұмыс жасау, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша халықпен мемлекеттік органдардың арасында өзара қатынастардың тәсілдерін қалыптастыру.
Осылайша, оқыту барысында Жастар саясаты «Қазақстан – 2050» Стратегиясының басты мақсаттарының бірі ретінде. Қазақстан Республикасының жастар және ішкі саясатын іске асыру стратегиясы; Жастар саясаты саласындағы бағдарламалық құжаттарды тиімді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының жастар және ішкі саясаты.
Ағымдағы жағдайды талдау.
Өзекті мәселелер мен негізгі жетістіктер; Мемлекеттік қызметтегі жастардың кәсіби және жеке құзыреттіліктерін қалыптастыру. Мансаптық өсудегі мотивация; Мемлекеттік қызметшілердің ойлауын өзгерту қажеттілігі.
Мемлекеттік қызметшілердің стратегиялық және инновациялық ойлауын дамыту; Жастар саясатындағы сервисология мен адамдарға бағдарлану дағдыларын жетілдіру туралы тақырыптары талқыланып, семинар соңында интерактивті талқылау — пікірталас, teambuilding өткізіледі.
Сонымен қатар, оқыту бағдарламасы қызметшілерге шешімдер қабылдау, қызметті басқару, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға бағдарлау және оған ақпарат беру құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік берді.
Бұған қоса, алдағы уақытта аталған іс-шараны жалғастыру жоспарлануда.