2022 жылғы 44 Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы аяқталды.
Үндістанның Ченнай қаласында 44 Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасыны өтті. Биыл Үндістан 2000-нан астам қатысушыны, 189 ерлер мен 162 әйелдер командасын жинады.
Оның ішінде біздің де елдің құрамасы өнер көрсетті. Құраманың сабында шымкенттік шахматшы қыздар да бар. 11-турда әйелдер құрамасы Үндістан құрамасының үшінші құрамасымен кездесті. Қорытынды тур біздің құраманың жеңісімен 2,5-1,5 есебімен аяқталды. ҚР құрамасы 17 матчтық ұпай жинады (8 жеңіс, 1 тең ойын, 2 жеңіліс) және 5 орын алды
Халықаралық рейтингке сәйкес әйелдер құрамасы Олимпиаданың бастапқы тізімінде 10-шы орынды иеленіп, 5-ші орынды иеленді. Олимпиададағы біздің шахматшыларымыз орта жастағы ең жас командалардың бірі болып табылады. ҚР әйелдер құрамасын Украина, Грузия, АҚШ, Үндістан сияқты елдер басып озды.
Құрамына кіреді:
1) Абдумалик Жансая (22 жаста) 9 партиядан 7 ұпай жинады
2) Асаубаева Бибісара (18 жас) 11 партиядан 8 ұпай жинады
3) Балабаева Ксения (17 жас) 10 партиядан 5,5 ұпай жинады
4) Нахбаева Гүлісхан (31 жаста) 10 партиядан 6 ұпай жинады
5) Нұрғали Назерке (18 жаста) 4 партиядан 1,5 ұпай жинады.
Қазақстан ерлер құрамасы, 11 турда Үндістан құрамасының үшінші құрамасына қарсы шықты. Қазақстан шахматшылары үшін 11 тур 2:2 тең нәтижемен аяқталды. ҚР ерлер құрамасы 15 матчтық ұпай жинады (7 жеңіс, 1 тең ойын, 3 жеңіліс) және 17-орын алды. Халықаралық рейтингке сәйкес шахматшылар Олимпиаданың бастапқы тізімінде 40-орында еді. Соған қарамастан, жас шахматшылармен бірге ерлер командасы 17-орынға ие болды.
Айта кетсек, 44-ші дүниежүзілік шахмат олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан Республикасын халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік және халықаралық шебер Арыстанбек Оразаев таныстырды.