Биыл Қазақстан Республикасының Шекара қызметі құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай, 18-тамыз күні Шымкенттегі Қазақстан Халқы Ассамблеясында ел тыныштығы үшін күндіз-түні күзетте тұратын, Отанымыздың шекарасын күзетуде ерен еңбек көрсетіп жүрген шекарашылардың кәсіби мерекесі аталып, мерейтойлық концерт ұйымдастырылды.
Аталған шараға Шымкент қалалық «Мәдениет үйі» концерттік ұйымының қызметкерлері Жұмаев Дархан Сержанұлы, Кеңесов Ізбасар Құрманғазыұлы, Құрманалиев Байкен Мұратұлы, Есенқұлов Самат Жарылқапұлы, Дәуренбеков Нұрсұлтан Әріпханұлы, Шалабай Қадиша Өмірзаққызы, Жандаулетов Асыл Гайдарұлы, Шүкірбаева Жұлдызай Қабылбекқызы, Бөріханов Өсербай Абылайұлы, Шултаев Мақсат Елпобайұлы қатысып, қнерлерін ортаға салды.
Шымкент қалалық «Мәдениет үйі» концерттік ұйымының қызметкерлері Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шараны әнмен әрлегені, Мемлекеттік шекарамыздың мызғымастығын, ұлтымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында шекарашыларымыздың моральдік рухын көтеруге қосқан үлестері үшін ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы полковник М.Жұмаділовтің алғыс хатымен және «Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Ел шекарасын қорғау қауіпті жұмыс екенін атап өткен командирлер қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
Сөйтіп, қызметте ерекше көзге түскендер құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал ресми жиын соңы өнерпаздардың концертіне ұласты.
Мемлекеттік шекараның беріктігі — елдігіміздің басты белгілерінің бірі.
Ел тыныштығы жолында тер төгіп жүрген шекарашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!