Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «№94 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Құқықтық сауаттылықты арттыру» акциясы және өмірлік маңызды дағдыларды арттыру семинар-тренингі өтті.
Аталмыш шараға Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция подполковнигі Сембаев Нұрлан, тәжірибелі психолог Асанова Салтанат Сайлауқызы және шалғай орналасқан елді-мекен тұрғындары қатысты.
Іс-шарада тәжірибелі психолог Асанова Салтанат Сайлауқызы тұрғындарға адамдар арасындағы қарым-қатынас, түрлі тәуелділік, балалар және жасөспірім мәселелері бойынша сөз қозғап, өмірлік дағдылар жайлы түсіндіріп өтті.
Ал, құқықтық сауаттылық бойынша полиция майоры Б.Карбеков жастардың құқықтық мәдениетін көтеру, құқықтық тәртіпті сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, қылмыстың алдын-алу және отбасылық-тұрмыстық қатынастағы құқық бұзушылықтарды кеңінен талқылады.
Кездесуге келген қонақтарға шалғай елді-мекен тұрғындары өз көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптар ала алды.