Қала әкімінің тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында берген тапсырмасы негізінде мегаполисте бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Оның бірі — қала халқын мүмкіндігінше газбен қамту. Бүгінде бұл кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Сондықтан қалада жүйелі жұмыстар атқарылып, газбен қамтылмаған елді мекендер кезең-кезеңімен көгілдір отынға қол жеткізіп келеді.
Осы орайда Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам-195 орамға газ берілді. Салтанатты шараға бір топ халық қалаулылары: Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Фахриддин Қаратаев пен Мұратәлі Қалмұратов сынды мәжілісмендер, БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.
Аталған орамда 800-ден астам үй қоныс тепкен. Нақты 4140 халық тұрады. Көгілдір отынға қол жеткізген халық енді көмір тасып, күл шығармайтын болдық деп, қуанып отыр.
-Көптен бергі арманымыз орындалды. Қыстың күні бүрсең қақпай, аяздарда тоңбайтын болдық,-деді ақжаулықты аналар.
Естеріңізде болса, шаһар басшысының тапсырмасына сай, Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орамды газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған еді. Балтыр жалпы ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын ішкі газ жүйелері тартылып, жұмыстар 100 %-ға аяқталған. Құжаттары дайын болған тұрғындар газды үйді-үйлеріне кіргізіп алуда.
Естеріңізге салайық, Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына орай Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 орам тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында 2020 жылы құрылыс жұмысы басталған болатын. Алталмыш құрылыс жұмысын «Комби-Строй-1» ЖШС мердігер мекеме тарапынан жүргізілді. Қолға алынған жұмыстың нәтижесінде жалпы ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын ішкі газ жүйелері тартылып, бүгінде құрылыс жұмыстары 100 % аяқталып отыр.
Айта кетейік, 2025 жылы қалада газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.