Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Алжанова жемқорлықтың алдын алу мақсаты бойынша жиын өткізді.
Жиын барысында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, жемқорлықпен күресті күшейту, түсіндірме жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.
Департамент өкілі Ж.Алжанова 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырып, қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып бергендерге жауапкершілікті, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысудың салдарын жан-жақты түсіндіріп өтті және жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу қағидалары туралы айтып, қызметкерлер назарына сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда 1424 CALL-орталығына хабарласуға қажеттілігі жеткізілді.
Сонымен қатар, жиынға қатысқан А.Сманов мешітінің бас имамы Б.Шотабеков жемқорлықты заң да, дін де қолдамайтындығына тоқталып, жемқорлықты індет ретінде көрсетуде діннің рөлі ерекше екендігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды жастайынан тәрбиелеу қажеттігіне кеңінен тоқталып , оның ішінде отбасының рөліне баса назар аударды.
Айтпақшы, дәл осындай тақырыптағы жиын Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрында да өтті. Театр ұжымына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Алжанова жемқорлықтың алдын алу мақсаты бойынша жиын өткізді.
Жиын барысында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, жемқорлықпен күресті күшейту, түсіндірме жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.