on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мемлекеттік грант алып жеке кәсібін бастады

2 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
Мемлекеттік грант алып жеке кәсібін бастады
0
SHARES
220
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының тұрғыны Айгерім Ережепова көпбалалы ана. Жасы 32-де. Мамандығы — дизайнер. 6 жылдан бері тігіншілікпен айналысып келеді.

2022 жылдың басында қалалық жұмыспен қамту орталығының Instagram парақшасынан сәуір айында мемлекеттік грантқа құжат қабылдаудың басталатындығы туралы хабарландыруға көзі түскен ол тұрғылықты мекенжайы бойынша көпбалалы санатымен тиісті құжаттарын өткізеді. Уақыты келгенде арнайы комиссияның алдында бизнес жоспарын сәтті қорғап, оған грант (400 АЕК) тағайындалған.

Алған қаражатына заманауи үлгідегі цифрлы тігін машинасын, ноутбук және т.б. қажетті құрал-жабдықтарды сатып алады.

Қазіргі таңда кәсіп иесі тапсырыспен түрлі бұйымдарды тігуде. Тіпті instagram-нан парақшасын да ашқан.

— Адам алдына қойған мақсатына жету үшін әрекет етуі керек. Еңбектенуі тиіс. Сонда ғана қандай да бір жетістікке қол жеткізе алады. Көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жастарға мемлекеттің қолдауы көп. Соның бірі — мемлекеттік грант. Жеке, шағын кәсібін бастауға зор мүмкіндік. Сондай мүмкіндік маған да туды, — дейді Айгерім Ережепова.

Мемлекеттік қайтарымсыз гранттың бірінші легіне 400-ден астам өтінім келіп түскен (онлайн). Нәтижесінде комиссияның қаралымына 336-сы жіберілген. Комиссия тарапынан 226-ның бизнес-жоспарлары мақұлданып,110-ны кері қайтарылған.

Айта кетейік, Шымкентте 2021 жылы 700-ден астам азамат грантқа қол жеткізсе, оның ішінде 200-і жастар санатындағылар (29 жасқа дейінгі). Ал, 2022 жылы 1000-нан астам азаматқа бірнеше лек бойынша грант тағайындау көзделіп отыр. Бұл жобаның тиімді тұстарының бірі – мұндағы бір айлық оқуға қатысқандарға шәкіртақы да қарастырылған.

Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грант қаражаттары Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы ұсынылады. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қайтарымсыз қаржыға «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен және бұдан бұрын грант алмаған жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылар үміткер бола алады.

 

Tags: 3 мегаполисАйгерім Ережеповажұмыспен қамтушымкентәлеумет
Previous Post

Мемлекеттің қолдауымен жеке кәсібін бастады

Next Post

Шымкент : «Жас ұлан» республикалық мектебінің жеке құрамымен кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі