on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : «Жас ұлан» республикалық мектебінің жеке құрамымен кездесу өтті

2 августа, 2022
in Жаңалықтар
0
0
SHARES
221
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебіне қабылдау жұмыстарын сапалы және жоғары деңгейде өткізу мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында кездесу өтті.

Аталмыш шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Жазира Әлжанова, Қаратау ауданындағы А.Сманов мешітінің бас имамы Берік Шотабеков және Шымкент гарнизонының Әскери полиция бөлімінің (сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл жөніндегі) аға офицері капитан Ербол Айтбаев қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – жемқорлықтың алдын алу, ұжымда парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, заңнамаға енгізілген өзгерістерден хабардар ету болды.

Кездесу барысында Жазира Әлжанова Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек уәкілетті органның ғана емес, бүкіл мемлекеттік органдардың міндеті екендігін атап өтті.

Ал мектеп бастығы, полковник Ғазиз Төлеуішев жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған жобалар мен атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, жеке құрамның сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіріп өтті.

Шымкент гарнизоны Әскери полиция бөлімінің аға офицері капитан Ербол Айтбаев сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою туралы негізгі бағыттарға тоқталып, түсіндіру жұмысын жүргізді.

Шара соңында жемқорлықпен құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу ережелері де айтылды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

 

Tags: 3 мегаполисЖас Ұлансыбайлас жемқорлықшымкент
Previous Post

Мемлекеттік грант алып жеке кәсібін бастады

Next Post

Мемлекеттен грант алып сүйікті ісін кәсіпке айналдырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі