on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте жаңа аялдамалар орнатылуда

1 августа, 2022
in Билік
0
Шымкентте жаңа аялдамалар орнатылуда
0
SHARES
239
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Шымкентте биыл қалаішілік орталық көшелерге 178 аялдама павильонын орнату жоспарланған. Шілде айынан бастап 30 аялдама орнатылды. Барлық аялдамалар Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады» — дейді жол көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов.

Кешенді схеманы әзірлеудегі мақсат — елдімекендерді қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің қозғалысын қала тұрғындарының жүріп-тұруына оңтайландыру.

Барлық аялдамалар Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады. Бүгінде қала ішінде жоспарға сәйкес 14 аялдама павильоны қойылды. Аялдама орнату жұмыстары шілде айында басталды. Аталмыш жұмыстарды орындау «Strong Servise» ЖШС және «Aicom» ЖШС-на тапсырылған. Жалпы қала бойынша 1886 аялдама орны бар. Оның ішінде 1336-не аялдама павильоны орнатылған болса, қалғанында аялдама белгілері орнатылған. 2021 жылдың қорытындысымен жаңа үлгідегі аялдама саны 670. Қала бойынша жалпы үлесі 35,5% құрайды.

2022 жылдың жоспарына сәйкес, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы айналма жолдың құрылысы атқарылуда. Одан өзге, биыл аудандағы ішкі орамдық 3 көшеге асфальт төселеді. Олар: Ақжайық шағын ауданы, Ақжирен көшесі, Самал-2 шағын ауданы, Жабай ата көшесі және Жандосов өткелі. 2023 жылы Айқап-Түркістан шағын ауданы Беткей көшесі, Ақжайық шағын ауданы, Шағатай, Балтамыр, Тоқпан көшелері, Самал-1 шағын ауданы, Тайманов, Мейірбеков көшелерін асфальттауға Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмыс жоспарына енгізілді. 2024 жылы Ақжайық шағын ауданы, Сәйгүлік, Самғау, Майлыкент, Тайқоңыр көшелері және Самал-2 шағын ауданы, Ермекбаев, Шәкіров, Сейітов көшелеріне асфальт төселеді. Жоғарыда аталған көшелерде асфальт төсеу жұмысы жүзеге асырылса, аудандағы сапалы жолдардың көрсеткіші 100%-ға жетеді. Сондай-ақ, қалада биыл 50 шақырым көшенің жол сызықтары жаңартылды.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 1886 аялдама орны бар. Оның ішінде 1336 аялдама павильоны болса, қалғанына аялдама белгілері орнатылған. 2021 жылдың қорытындысымен жаңа үлгідегі аялдамалар саны 670-ке жетті.

Tags: 3 мегаполисаялдамаларшымкентәлеуметтік жағдай
Previous Post

Шымкентте алты айда 188 шақырым жол жөнделді

Next Post

Мемлекеттің қолдауымен жеке кәсібін бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі