Қоғамда көп көтерілетін мәселелердің бірі қоғамдық тазалық мәселесі. Жаз шыға бұл мәселе біршама күрделене түседі. Нұртас шағын ауданының тұрғындарына шашылып жатқын қоқыс қалдықтары біраз қолайсыздықтар тудырған болатын. Алаңда серуендеуге, балалардың ойнауына уақтылы жиналмайтын, айналасына дұрыс назар аудармайтын көршілердің тастап кететін қоқыс қалдықтары үлкен кедергілер келтіргендіктен, аталмыш мәселе бойынша тұрғындар партияның және жергілікті әкімішілік есігін қағып, өтініштерін білдірген болатын. Бұл өтінішттері қабыл алынып, партия тарапынан тиісті мекемелерге жолданған.
Тұрғындардың талап тілектері әрдайым назарда болғандықтан, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімі Мулкеманов Рақымберді Жанысбекұлы аталған мәселені өз бақылауына алған болатын.
Нәтижесінде, Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппараты мамандары тарапынан «Zhasyl Zher» ЖСШ мекемесінің қызметкерлеріне тапсырма берілді. Қазіргі таңда, Нұртас шағынауданындағы қоқысты алу бойынша жұмыстар «Zhasyl Zher» ЖСШ тарапынан толығымен ретке келтірілді. Мәселе оң шешімін тапты.