Шымкент қаласы Еңбекші аудандық партия филиалына Бадам тұрғын алабы №195 кварталда орналасқан №5 көшенің тұрғындары атынан Балнұр Даниярқызы келіп, аталмыш көшені қайта жөндеуді сұрап, өтініш білдірді. Бұл мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының төрағасы әрі аудан әкімі Досбол Күздікбайұлы толыққанды танысып шықты.
Қоғамдық қабылдау нәтижесі бойынша аудан әкімі тиісті шаралар жасалатынын жеткізді. Атап айтсақ, қалалық жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасының көмегімен «АлемТрансЖол» ЖШС-і тарапынан жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Бүгінде маусым айы бойынша Бадам тұрғын алабы №5 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт қабаты төселінді. Осылайша мәселе оң шешімін тауып, тұрғындардың сұранысы қанағаттандырылды.