Көктем биыл жаңбырлы болды. Шөп қалың өсті. Мұны табиғаттың кереметі деп білу керек. Бірақ, жаз шыға оның келтіретін қиындығы да бар. Қалың шөпті орып тұрмасаң, қураған кезде өртенуі мүмкін. Осындай өрттің алдын-алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында жаз басталысымен шөп жинау науқаны қарқынды жүреді. Мәселен, тұрғын үйлерде учаскелерде шөптерді жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады. Шөп қора көбіне үй ауласында болғаннан соң өрт оқиғасы орын алып жатады. Салдарынан тұрғын үйге зиян келеді.
Осы орайда, өскен шөптерді ору бойынша партия филиалына қоғамдық қабылдауына «Нұртас» шағын ауданының тұрғыны Орынбасар Ақниет Дәуренбекқызы жолдың бойындағы көмек сұрап қабылдауға келген болатын. Аталған мәселені Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімі Мулкеманов Рақымберді Жанысбекұлы өз бақылауына алған болатын.
Нәтижесінде, Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппараты мамандары тарапынан «Шымкент Жасыл қала» ЖСШ мекемесінің қызметкерлеріне тапсырма берілді. Қазіргі таңда, Нұртас шағынауданындағы жолдың бойындағы өскен шөптердітолығымен ретке келтірілді. Мәселе оң шешімін тапты.