on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Шымкент барысы – 2022» турнирінің жүлдегерлері анықталды

7 июня, 2022
in Жаңалықтар
0
«Шымкент барысы – 2022» турнирінің жүлдегерлері анықталды
0
SHARES
138
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Шымкент барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Белдесуде 90 келіден астам салмақ дәрежесінде 26 балуан күш сынасты.

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» республикалық турниріне жолдама жеңіп алған спортшыларымыз анықталды.

Жүлделі 1-орын алған Ерсұлтан Мұзаппаров пен 2-орынға ие болған Нұрсат Темірхан «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алды, енді спортшыларымыз қаламыздың намысын қорғайтын болады.

Қазақ күресі Федерациясы тарапынан Ерсұлтан Мұзаппаровқа сыйлыққа автокөлік берілді.

«Қазақстан барысы» турнирі биыл 11-ші рет өткізіледі. Осыған дейін қандай балуандар Қазақстан барысы атанғанына тоқталып өтсек. Ұлан Рысқұл (2011), Бейбіт Ыстыбаев (2012, 2015, 2016), Айбек Нұғымаров (2013, 2019), Мұхит Тұрсынов (2014), Еламан Ерғалиев (2017), Ержан Шынкеев (2018) және Дәурен Нұралинов (2021) жеңімпаз атанған.

«Қазақстан Барысы» турнирінде жеңімпаз атанған балуанға 25 000 000 теңге және алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «тайтұяқ» табысталады. Екінші орынға 5 500 000 теңге және үшінші орынға 1 800 000 теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады.

Айта кетейік, турнирдің арқасында өскелең ұрпаққа үлгі болатын жеке тұлғалар қалыптасты. Мысалы, жобаның үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев өз өңірінде спортты дамытып, алғашқы жеңімпазы Ұлан Рысқұл қазақ күресін халықаралық деңгейде насихаттауға үлес қосты. Турнирдің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров білім беру саласында жауапты қызмет атқарады. Мұхит Тұрсынов – Ұлттық құраманың мүшесі, тәжірибелі балуан. Лондон Олимпиадасының қатысушысы Ержан Шынкеев те «Қазақстан барысы» белбеуінің иегері. Еламан Ерғалиев – қазақ күресінің дәстүрін дамытуды жалғастыруда.

 

Tags: "ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ"3 мегаполисЕрсұлтан Мұзаппаровшымкент
Previous Post

«Астана опера» Шымкентте

Next Post

Өзгерістен - Кемел болашаққа!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі