on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Өзгерістен — Кемел болашаққа!

8 июня, 2022
in Cаясат
0
Өзгерістен — Кемел болашаққа!
0
SHARES
125
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының еліміздегі саяси реформаларды іске асыруда халықтың талап-тілектері ескеріліп, референдумды өткізу туралы бастамасы халық арасынан кеңінен қолдау тапты.  Республикалық және қалалық деңгейде «AMANAT» партиясы жанынан құрылған референдумды қолдау жөніндегі штаб жер-жерде халық арасында жүргізген түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстары өз нәтижесін көрсетті.

Мен «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, осы елдің азаматы ретінде кешегі өткен референдумның әділ, әрі белсенді өткенін айта аламын. Саяси науқанға жергілікті Еңбекші аудан халқы бір кісідей қатысып, азаматтық белсенділіктерін танытты. Ауданға қарасты барлық референдум учаскелеріне таңертеңнен сайлаушылар асыға жетіп, өздерінің таңдауларын жасады. Сайлау учаскелерінің ақпараты бойынша референдумға  аудан халқының 70 пайыздан астамы қатысып,  қолдау танытты. Өзім сайлау барысында өрескел құқықбұзушылықтарды кездестірмедім. Референдум учаскелері өз жұмысын ойдағыдай атқарып шықты деуге болады.

Референдумға дауыс берушілердің қатарында жастар да, аға буын да көп болды. Тіпті, зейнеткер ата-әжелерде референдумға елден бұрын келіп, таңдауларын жасап кетті. Отбасымен патриоттық сезіммен, ел болашағы үшін дауыс бергендер жетерлік.

Жалпы, халықтың саяси науқанға деген мәдениеті жоғарлағанын аңғардық.

Халықтың референдумнан күтетіні көп екені көрінді. Сайлауға келушілер Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар  орынды іске асып, халықтың игілігі үшін қызмет етсе екен деген тілек білдіріп жатты.

Бүгін референдум қорытындысы бойынша халыққа үндеу жасаған Мемлекет басшысы Референдум жоғары деңгейде өткеніне тоқталды. «Мемлекет дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Халық өз таңдауы арқылы түбегейлі бетбұрыс жасауға дайын екенін көрсетті», деді. Барша Отандастарды жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.

«Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Парламент пен Үкімет Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай Заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі қажет. Қазақстанда тиімді құқық қорғау және сот жүйесін құруға мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс. Мұны әлемдік тәжірибені ескере отырып жүзеге асырған жөн», деген болатын Президент.

Расында Халық ел болашағы, ертеңінің жарқын болуы үшін дауыс берді! Ел ертеңі нұрлы, келешегіміз кемел болсын!

«AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы – Жартыбекова Гүлжайна Жақайқызы

Tags: 3 мегаполисЖаңа Қазақстанреферендумшымкент
Previous Post

«Шымкент барысы – 2022» турнирінің жүлдегерлері анықталды

Next Post

Халықтың басым бөлігі өзгерісті қалайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі