Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты, қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы тарапынан мемлекеттік тілдің қолдану аясын арттыру бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылуда.
Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында бүгінде мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, кәсіпорындар мен басқа ұйымдар қызметкерлеріне, сонымен қатар жеке тұлғаларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту; «Мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізу», «Латын графикасын оқыту», курстары мен насихаттау шараларын ұйымдастыру; Тіл үйренушілердің тілдерді белгілі бір деңгейде қиындықсыз меңгеру үшін қажетті оқулықтар, оқу-әдістемелік және көмекші оқу құралдары мен сөздіктер әзірлеп, баспадан шығарып, қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
2022 жылғы 22 сәуірде мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру, ұтымды әдіс-тәсілдерді анықтау және насихаттау, сандық технологиялар арқылы қолданылған іс-тәжірибелерді жинақтау мақсатында орыс тілді аудиторияларда қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер арасында «Үздік оқытушы – 2022», 2022 жылғы 4-29 сәуір аралығында еліміздегі әрбір отбасын, қоғамымыздың әрбір мүшесін қазақ тілінің мерейлі мәртебесін қамтамасыз етуге, жан-жақты оқып үйренуге және қолдануға, қазақстандық патриотизм ұғымын терең түсіне отырып, ұлттық тілімізді рухани қуат, жасампаздық үрдіс, мемлекетіміздің келешегі, еліміздің ертеңі ретінде жұмылдыру, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жас ұрпаққа үйретіп, ана тілінде сөйлеуді ұлттық мақтанышқа айналдыру, озық тәжірибелерді насихаттау мақсатында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Балалар жылы» аясында білім беру мекемелері арасында «Ана тілі және отбасы – 2022», 2022 жылғы 20 мамырда үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік органдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың қызметкерлері арасында «Тіл шебері – 2022» қалалық байқауларын ұйымдастырып өткізді.