Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова қалалық қоғамдық кеңестің отырысында «Шымкент қаласындағы әлеуметтік сала бойынша мәселелер» тақырыбында баяндама жасады.
- ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
2022 жылдың сәуір айы қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы жұмыссыздар саны 22 546 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрайды.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 2022 жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 6 004 адам қатысты немесе жоспар 17,9% орындалды.
Кәсіби білім беру бойынша 2 392 адамды оқуға жолдау жоспарланған, олар:
— 1 632 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыссыздарды жұмыс орындарында оқыту;
— 760 адам жұмыс берушінің жұмыс орынында оқыту;
— 1 976 адам дағдыларға онлайн-оқытуды ұйымдастыру, нақты 127 адам.
Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсетілетін болады. Олар:
— 1 900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту;
— 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беріледі:
Субсидияланатын жұмыс орныдары бойынша 4 819 адамға жұмысапен қамту шаралары көрсетіледі, нақты 2 864 адам. Олар:
— 90 адам әлеуметтік жұмыс орындары, нақты 122 адам (135,6%);
— 2 098 адам жастар практикасы, нақты 864 адам (41,2%);
— 2 188 адам жоспар ақылы қоғамдық жұмыстар, нақты 1 784 адам (79,9%);
— 227 адам «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», нақты 130 адам (57,3%);
— 24 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы;
— 192 адам «Күміс жас» жобасы.
Жұмысқа орналастыру бойынша 23 239 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланған, нақты 3 013 адам тұрақты жұмысқа орналасқан (15,4%). Олар:
— 19 609 адам бос жұмыс орындары, нақты 3 013 адам (15,4%);
— 3 630 адам жаңа жұмыс орындары.