Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты қалалық балалар кітапханасы жас оқырмандар үшін білім беретін, бос уақытын тиімді пайдаланатын ақпараттық орталық.
Кітапханада 5 бөлім пайдаланушыларға қызмет көрсетеді. Атап айтсақ:
Әдістемелік-инновациялық ұйымдастыру бөлімі, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі, Ақпараттық-библиографиялық бөлім, кітап қорын толықтыру бөлімі, Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі.
Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне орталық қалалық балалар кітапханасы мен 14 кітапхана бөлімшелері кіреді. Оның ішінде 3-уі модельді кітапхана. 2021 жылы Орталық балалар кітапханасы, №2, №8 кітапхана бөлімшелері модернизациядан өткізілді.
Кітапхананың жалпы кітап қоры — 415 044 дана. Кітаптан бөлек кітапхана 22 аталым бойынша отандық мерзімді басылымдарды жаздырып алады.
Электронды каталог құру және кітапхана үрдістерін автоматтандыру жұмысын тиімді атқару мақсатында 2011 жылдан РАБИС кітапханалық бағдарлама бойынша жұмыс жүргізеді.
«Ақпараттық киоск» жарнамалық электронды қондырғысы орталық балалар кітапханасында орнатылды. Оқырмандар «Ақпараттық киоск» арқылы өздеріне қажетті ақпаратты тез әрі жеңілдетілген түрде ала алады.
2019 жылы «Коворкинг» білім орталығы ашылды. Заманауи үлгіде жабдықталған орталықта интеллектуалды бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге ықпалы бар ресурстарды пайдалана отырып, келушілердің бос уақытын тиімді, әрі пайдалы өткізуіне және өзінің сүйікті ісімен айналысуына барлық жағдай жасалған. Интернет желісіне қосылған компьютерлерді оқырмандар шектеусіз пайдалана алады.
Сонымен қатар кітап қорынының мазмұнын ашу және кітап қорына жаңадан түскен кітаптар туралы оқырмандарға ақпарат беру үшін дәстүрлі және кеңінен таралған түрлі кітап көрмелерінің маңызы зор. Сондықтан да безендірілген кітап көрмесінің тақырыбымен мазмұнына ерекше назар аударамыз. Осы орайда жылдың мерейтой иегерлеріне тақырыптық сөрелер мен әдебиеттердің ашық көрмелері ұйымдастырылып, түрлі атаулар мен оқырмандар назарына ұсынылады.