Шымкенттік жас Жанар Рахман — мемлекеттік бағдарламаның жемісін көргендердің бірі. Жас маман өткен жылы Қазақ ұлттық университетінің тәмамдап, “Өсімдік қорғау және карантин” мамандығын алған.
Оқуын бітірген ол мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай, бірден қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына тиісті құжаттарын өткізеді. Осылайша жұмыссыз мәртебесін алып, көп ұзамай “Жастар практикасымен” қалалық ауылшаруашылығы басқармасына жолданады.
— Жұмысым өзіме ұнайды. Мамандығым бойынша тәжірибе жинақтаудамын және жастарды бағдарламаға қатысуға шақырамын. Алдағы уақытта осында тұрақты жұмысқа орналасқым келеді, — дейді жас маман.
Айта кетейік, “Жастар практикасына” 29 жастан аспаған “жұмыссыз” мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2019, 2020, 2021 ж.ж.) жоғары немесе арнаулы (колледж) оқу орындарының түлектері қатыса алады. Мерзімі — 12 ай. Жалақысы — 30 АЕК.
2021 жылы Шымкентте 2500-ден астам жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа жолданған. Олардың 1300-дейі барған жерлерінде тұрақты жұмысқа орналасқан.
2022 жылы «Жастар практикасына» 2098 жасты қамту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 919 жас жолдама алып, олар барған жерлерінде еңбек етуде.
Айта кету керек, «Жастар практикасы» — уақытша жұмыс орны саналады және оған 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.
Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы 30 АЕК көтеріліп (91890 тг.) мерзімі 12 айға дейін ұзартылған. бұрын 6 ай болатын). Бұдан алдыңғы жылдары мерзімі 6 айды құраған.