Шымкент қаласында 186 634 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары жоспарланған. Бұл қаладағы мектеп оқушыларының 88 пайызын қамтиды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Балаларды сауықтыру, жетілдіру, үйрету сияқты бос уақытты тиімді өткізу мақсатындағы шараларға биыл қала бюджетінен 300 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Негізінен әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына басымдық берілген.
Аз қамтылған 7 241, балалар үйіндегі 147 және «Дарын» мектебінен 260 балаға саяжай лагерлерінде тегін демалуға жолдама берілсе, 27 655 оқушының ата-аналары есебінен демалатыны анықталған.
Бұдан бөлек, 130 мектепте сауықтыру бағытында 151 331 оқушыны түрлі үйірмелер және спорт секцияларымен қамту жоспарланған.
Саяжай лагерлеріне жолдама үшін аз қамтылған отбасылардың ата-аналары өтініштері ХҚО және EGOV порталы арқылы онлайн форматта қабылдануда.
Жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы, мәдениет саласы 12 000, спорт саласы 14 000 баланы, жеке кәсіпкерлер арқылы балалардың қызығушылығына қарай үйірмелермен қамтылуда. Бұл жұмыстар жаз бойы жалғасын табатын болады. Мақсат балалардың жазғы демаласын тиімді өткізу және оларды зиянды әдеттерден аулақ болуын қамтамассыз ету.
Сонымен қатар, 11 қосымша білім беру ұйымдары және 17 аула клубтарында тегін үйірмелер ашылып, мәдени іс-шаралар өткізілетін болады. «Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстың тарихи-мәдени орындарына экскурсиялар өткізу жоспарланған.