Шымкентте жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен жыл басынан 90-нан астам жас жолданған. Жалпы, жыл соңына дейін барлығы 200-ден астам жасты қамту жоспарланып отыр. Ал, өткен жылы 118 шымкенттік жасқа аталған бағдарлама бойынша жолдама берілген. Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасына 29 жасқа дейінгі мүлдем жұмыс өтілімі жоқ жұмыссыз жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар қатыса алады. Сонымен қатар, алғашқы жұмыс орнына орналасуға көп балалы немесе аз қамтылған отбасы мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүгедектер мен техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне басымдық беріледі.
Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен келісімшарт жасасып, оқу орнын аяқтаған жастарды 18 ай жұмыспен қамтиды. Жобаға қатысушының еңбекақысы – 30 АЕК.
Үміткерлер тіркелген мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталығы бөлімшелеріне жеке куәлігі мен білімі туралы құжат көшірмесін тапсырып,өтінім бере алады.
Бүгінгі таңда жобаға қатысуға 50-ге жуық жас жолданып, оның 45-і қаладағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жұмысқа кірісті.
Аталған жоба өз мамандығы бойынша еңбек тәжірибесі жоқ, оқуын жаңадан тәмамдаған жастарды қолдауға бағытталған.
Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен келісім-шарт жасап, оқу орнын аяқтаған жастарды 18 ай жұмыспен қамтиды. Жұмыстың тең жартысының еңбекақысы субсидияланады.
Өткен жылы 118 шымкенттік жас аталған бағдарлама бойынша жұмысқа жолданса, биыл 200-ден аса жасты жұмысқа жолдау көзделіп отыр. Жыл басынан 80-ге жуық жас жолданды.