Шымкенттік Ерлан Ескермес Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Аталған оқу орнында “Механика-математика” мамандығы бойынша білім алған. Ағымдағы жылдың ақпан айында қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз жас ретінде тіркеліп оған “Жастар практикасы” бағдарламасымен қаладағы Әл-Фараби атындағы академиялық мектепке жұмысқа жолдама берілген. Жас маманға аталған білім ошағында тәлімгер бекітіліп, ол бүгінде жоғары сынып оқушыларына математикадан дәріс беру, оқушыны ҰБТ-ға дайындау процестерін үйреніп, тәжірибе жинақтау үстінде.
— “Жастар практикасы” оқуын бітірген жас маманға тәжірибе жинақтауға зор мүмкіндік. Сондай мүмкіндікті қалт жіберіп алғым келмеді. Қазір мектепте жұмыс істеп жатырмын. Өзімді жақсы қырымнан көрсетіп, жұмысымды тиянақты атқарсам, мүмкін осында тұрақты жұмысқа да қабылдап алып қалулары мүмкін, — дейді Ерлан Ескермес.
Айта кету керек, “Жастар практикасы” бағдарламасының мерзімі 12 айға ұзартылған (бұрын 6 ай болатын). Айлық жалақысы да біршама артып 91 899 теңгені құрап отыр. 2022 жылы “Жастар практикасы” бағдарламасына 2098 жасты қамту жоспарлсанса, жыл басынан 919 жас жолдама алып, олар барған жерлерінде еңбек етуде.
2021 жылы Шымкентте 2500-ден астам жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа жолданған. Олардың 1300-дейі барған жерлерінде тұрақты жұмысқа орналасқан.
2022 жылы «Жастар практикасына» 2098 жасты қамту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 919 жас жолдама алып, олар барған жерлерінде еңбек етуде.
«Жастар практикасы» — уақытша жұмыс орны саналады және оған 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.
Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы 30 АЕК көтеріліп (91890 тг.) мерзімі 12 айға дейін ұзартылған.Бұдан алдыңғы жылдары мерзімі 6 айды құраған.