ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының Республикалық штаб мүшесі Фахриддин Қаратаев Қаратау ауданы жастарымен кездесті.
Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев кездесу барысында ҚР қолданыстағы Конституциясының бабына түзету енгізу бойынша кеңінен тоқталды.
— «Барлық азаматтардың құқықтарын толық ескеретін үйлесімді аралас сайлау жүйесі құрылады. Мәжілістің депутаттық корпусы мынадай схема бойынша – 70% пропорционалды негізде және 30% мажоритарлық негізде қалыптастырылатын болады. Бұдан басқа, аралас модель облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының сайлауында енгізіледі. Сайлау жүйесінің бұл нұсқасына қайта оралу — өте маңызды қадам» — деді Мәжіліс депутаты.
Кездесу соңында жастар еліміздің маңызды саяси оқиғасында белсенді болатындарын жеткізді.