on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Шымкентте теннистен өткен халықаралық турнирдің чемпиондары анықталды

18 мая, 2022
in Спорт
0
Шымкентте теннистен өткен халықаралық турнирдің чемпиондары анықталды
0
SHARES
48
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте 8-15 мамыр аралығында өткен Beeline Challenger 80 халықаралық турнирінде жеке және жұптық сайыстардың чемпиондары анықталды.

Чемпиондық атаққа германиялық Себастьян Фаншелоу мен американдық Эмилио Нава таласты. Жарыс барысында Себастьян іріктеуден негізгі жеребенің финалына шықты. Эмилия да іріктеу сынында өнер көрсетуі керек еді, бірақ ойыншылардың бірі шығып қалғандықтан, ол автоматты түрде негізгі ойынға шықты.

Финалдық ойын керемет өтті. Бірінші ойынның соңы америкалықтардың сәтті өткен бір брейкімен шешілді. Нәтиже – 6:4. Екінші сетте ойын тай-брейкке ұласты, бұл жолы тағы да Эмилионың асығы алшысынан түсті: 7:6 (7:3). Осылайша, АҚШ өкілі жекелей сында Челленджер сериясының мансабындағы алғашқы атағын жеңіп алды.

Жұптық сында 1-ші орынды Антуан Белье (Швейцария) — Габриэль Декампс (Бразилия) жеңіп алды. Олар финалда Себастьян Фанселоуды (Германия)/ Каичи Учиданы (Жапония) — 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңді. Осылайша оларға 2-ші орын бұйырды.

Қазақстандық Бейбіт Жукаев Шымкентте өтіп жатқан BeeTV Challenger 80 турнирінің екінші айналымына шыққан болатын.
Дүниежүзілік рейтингте 491-орында тұрған Бейбіт Жукаев бастапқы кездесуін әлемнің 418-ракеткасы, үндістандық Саши Кумар Мукундпен өткізді. Ақтау қаласының түлегі, 21 жастағы теннисші бірінші партияда айқын басымдылық танытты – 6:1. Екінші сет тартысты өрбіп, тай-брейкте Бейбіт жеңісті жұлып алды – 7:6 (13:11). Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев екінші айналымда жапониялық Каичи Учидамен шеберлік байқасты. Алайда екі отандасымыз да жүлдеге іліне алмады.

Айта кетейік, Шымкентте өткен теннистен халықаралық турниге әлемнің 20 елінен 60- аса спортшылар қатысты.

 

Tags: 3 мегаполисспорттеннисшымкент
Previous Post

Ата заңға еңгізілетін өзгерістер талқыланды

Next Post

Шымкентте сал ауруына шалдыққан балалар оңалту орталығында емделеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі