ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары кестеге сай жалғасуда. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясы Репсубликалық штаб мүшесі Ғани Ташқараев, «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев Шым шаһардағы Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабында болып, жергілікті халықпен кездесу өткізді.
Абай ауданы аумағында бүгінгі таңда 34 елді мекен бар. Соның бірі Алтынтөбе тұрғын алабы көлемі жағынан ірі елдімекеннің бірі саналады. Мәжілісмен Ғ.Ташқараев жергілікті тұрғындарға маусым айына жоспарланған референдумның мәні мен маңызы жайлы әңгімелеп, олардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді.
Сөз соңында депутат халықты республикалық референдумға белсенді қатысып, өз болашағы үшін маңызды шешімді бірге қабылдауға шақырды.