Референдум бойынша ақпараттық түсіндіру топ Абай ауданы Игілік тұрғын алабының халқымен кездесті. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясы Репсубликалық штаб мүшесі Ғани Ташқараев, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев және №128 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Рәзия Бейсебаева, аудан тұрғындары мен ақсақалдар алқасы қатысты.
Бүгінгі таңда аталмыш елді мекенде 1 319 отбасы қоныстанған. 2 мектеп, 3 балабақша және бір спорт алаңшасы бар.
«AMANAT» партиясының фракция мүшесі Ғ.Ташқараев референдумның басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару үдерісіндегі рөлін күшейту болғандықтан, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.
— «Референдум, бұл – халыққа әлеуметтік келісім жасау үшін берілген үлкен мүмкіндік. Қазіргі қоғам азаматтарға ойын ашық жеткізетін уақыт. Ал алдағы референдум оларға өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді», — деді Ж.Бектаева.