Шымкент қаласы мәслихатының уақытша комиссиясы, Инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі, Кәсіпкерлік, туризм және цифрландыру жөніндегі тұрақты комиссияларының кезекті он алтыншы сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарау бойынша бірлескен жиыны болып өтті. Жиында Альбина Елшиева мен Ноян Төлегенов төрағалық етіп, күн тәртібіндегі 5 мәселені қарады.
Олар:
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы туралы;
- «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/291-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Шымкент қаласын көгалдандыру жұмыстары және экологиялық мәселелерді реттеу шаралары туралы;
- Шымкент қаласында бағаны тұрақтандыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы;
- «Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/382-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Жиынға аудан әкімдері, қала әкімдігінің мүшелері, басқарма басшылары және Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшылары баяндама жасады. Өз кезегінде депутаттар бір қатар сауалдар қойып, тиісті шешімдер қабылдап, күн тәртібіндегі барлық мәселелерді тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына ұсынды.