Шымкентте “Жастар практикасы” бағдарламасымен мамандығы бойынша жұмысқа жолданып жатқан жастардың саны артып келеді. Солардың қатарында Мөлдір Сағындық та бар. 19 жастағы жас маман осы жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжін “Тоқыма трикотаж галантерия бұйымдары” (технолог) мамандығы бойынша тәмамдаған. Дипломын алған бойда қалалық жұмыспен қамту орталығына келіп, жұмыссыз жас ретінде (29 жасқа дейін, 2020,2021,2022 жылдары ЖОО немесе кәсіптік колледжді бітірген) тіркелген. Орталық мамандары оған қаладағы “Жеті қазына kz” серіктестігінің тігін цехына мамандығы бойынша жолдама берген. Бүгінде ол аталған өндіріс орнында текстиль бұйымдарын тігіп тәжірибе жинақтауда.
Жалпы, ағымдағы жылы қалада 2000-нан астам жас маманды “Жастар практикасымен” жұмысқа жолдау көзделіп отыр.Қазіргі уақытта 919 жас жолдама алып, олар барған жерлерінде еңбек етуде.
Ал 2021 жылы Шымкентте 2500-ден астам жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа жолданған. Олардың 1300-дейі барған жерлерінде тұрақты жұмысқа орналасқан.
Айта кету керек, «Жастар практикасы» — уақытша жұмыс орны саналады және оған 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.
Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы 30 АЕК көтеріліп (91890 тг.) мерзімі 12 айға дейін ұзартылған. бұрын 6 ай болатын). Бұдан алдыңғы жылдары мерзімі 6 айды құраған.