Кентау қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Каратэ-до шотоканнан жастар және ересектер арасындағы ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. Спорт бәсекесі дәстүрге сай Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналды.
Жарысты өткізу эстафетасы биыл моноқалаға тиді. Қаратау тәжі Кентауды көруге Жетісай, Семей, Тараз, Атырау, Алматы сынды еліміздің 6 облысынан сайыпқырандар келді. Ұзын-ырғасы 200-ден аса спортшы өзара бақ сынап, турнир кубогін сарапқа салды.
«Жастар — қоғамның тегеурінді күші». Осы ұранды берік ұстанған ұландар жарыс жолында намысты қолдан бермеуге тырысты. Татамиде өнер көрсеткен қай қатысушыны алып қарасаң да үлкен дайындықпен келген.
Жалпы есепте 160-қа жуық спортшы қатысты . Жоғары спорт шеберлігі мектебінен 9 спортшы қатысты. Жарыстың қортындысы бойынша Шымкенттік бірнеше спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтар болсақ, командалық кумитэ түрі бойынша, Алимсахов Нұрсұлтан, Убайдулаев Нұртілек, Алжанов Бексұлтан, Тастан Диас қарсылас шақ келтірмей алтынна алқа тақса,Нұрлыбек Асылжан пен Тасболат Жанель күміс медаль иегерлері атанды. Ал кумитэ бағыты бойынша Абдуразакова Арайлым пен ката бағыты бойынша Тастан Диас күміс медаль жеңіп алып, қаламыздың мерейін үстем етті. Енді олар халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғайтын болады.
Атай кетейік, аталған жарыста Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов қара белбеу иегері атанды. Бір кереметі қара белбеуді Рашид Абатұлы өзінің жаттықтырушысы Фарид Галимұлының қолынан алды.