Қазіргі уақытта Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінде ауқымды өзгерістер байқалады. Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев өзінің наурыздағы Жолдауы арқылы билік институттарын күрделі қайта құрылымдау мен теңгерімдеу үдерісін бастады. Жаһандық экономикалық және геосаяси дағдарыс жағдайында бұрынғыдан да өзекті бола түскен реформалар «ADAL» партиясы саяси кеңесінің «AMANAT» партиясына қосылу туралы шешім қабылдауына негіз болды.
Бұл шешім партияның жұмысын жандандыруда негізгі қадам болары анық. «ADAL» партиясымен біріге отырып, Президент реформаларын жүзеге асыруда және Жаңа Қазақстан құрылысына белсенді қатысуда алдағы уақытта жүйелі жұмыстар көрсете алатынымызға сенімдімін.
Бүгінгі таңда «АМАNАТ» партиясы трансформациялық өзгерістерді өте сенімді әрі жүйелі түрде жүзеге асыруда. Осы тұста партияның Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың аймақтарға жасаған сапарлары өңірлердегі мәселелерді қарастыру мен шешуде жаңа бетбұрыс болды. Сонымен қатар, партияның мобильді қабылдау бөлмелерінің іске қосылуы, тұрғындардың проблемаларына назар аудару сияқты жұмыстар партияға деген сенімді арттыра түсіп ребрендингті күшейте түсті.
«АМАNАТ» партиясы БАҚ пен ақпараттық ресурстар бойынша да нәтижелі жұмыстар көрсетуде. Атап айтқанда, партиялық баспасөз орталығы іске қосылды, «Тalqylau» жаңа диалог алаңының да ауқымы кеңейе түсуде. Пікір-сайыс алаңына шақырылып отырған спикерлер саяси шешім қабылдайтын салмақты саясаткерлер, депутаттар және сарапшылар болуы өзекті тақырыптарды талқылауда оң серпін берері сөзсіз. Сонымен қатар қарапайым азаматтар да тікелей эфирде әлеуметтік желілер арқылы өз сұрақтарын қойып немесе пікір білдіре алуы партияның кері байланыс бойынша жасап отырған ауқымды жұмыстарының бірі.
Жанар Бектаева
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филилалының Атқарушы хатшысы