on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Жастар

Түркістан : Жас сарбаздарға ерлік сабағы өткізілді

26 апреля, 2022
in Жастар
0
Түркістан : Жас сарбаздарға ерлік сабағы өткізілді
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті және «Жас Сарбаз» әскери — патриоттық қозғалысының Түркістан облысы филиалының, облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әскери—патриоттық клубтары тәрбиеленушілерімен ерлік сабағы өткізілді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығын мерекелеу жоспарының аясында өткізілген іс—шараға ҚР ҚК дамуына жоғары үлес қосқан Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, полковник Абраймов Хосай Қасымұлы, Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша төрағасы полковник Бегимов Тұрғанбек Әшірұлы, ХҚТУ—нің оқытушысы аға лейтенант Қасенов Талапбай Баубекұлы арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Ерлік сабағын ұйымдастырушы Жас Сарбаз әскери — патриоттық қозғалысының Түркістан облысы бойынша төрайымы, ХҚТУ—нің студенті Аружан Шекербек кешті жүргізіп отырды. Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Кулдербаев Жандос Тынымбекұлы ашып, жастарға ардагерлерді ардақтауды жеткізді. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы, отбасы және жастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Аралбеков Нүркен Бауыржанұлы жастарды еліміздің патриоты болуға шақырды. Келген қонақтар Қарулы Күштер тарихынан сыр шертіп, кешегісі мен бүгінін әңгімеледі. Жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауап берді. Жастарды әскери болуға шақырды. Ерлік сабағында жастардың рухын көтеретін ұрыс жаттығулары және АК—74 автоматын толық емес бөлшектеу мен жинаудан мастер клас өткізілді. Келген қонақтарға сый—сыяпат жасалынып, жастар ардагерлермен естелікке суретке түсті.

Tags: "Жас сарбазерлік сабағыТүркістан облысықорғаныс
Previous Post

«AMANAT» партиясы шығармашылық байқау жариялады

Next Post

«AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі