Қала әкімі танысқан құрылыс нысандарының бірі — А-2 «Алматы – Ташкент» автомобиль жолының қайта құру жұмыстары болды. Құрылыс мерзімі 2018-2024 жылдар аралығына жоспарланған жоба жалпы 8 кезеңнен тұрады.
1 кезең — Қ.Төлеметов көшесінен Ынтымақ ш/а дейінгі аралық. Бүгінде жер жұмыстары, жол негіздерін төсеу, жол жамылғысын салу, кәріз жүйесін ауыстыру, аяқжол салу, жарықшам бағаналарын орнату, арық жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілді. Бірінші кезең осы жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған, қазіргі уақытта 90% жұмыс атқарылды.
2 кезең – Ынтымақ ш/а Темірлан тас жолына дейінгі аралық. Жалпы ұзындығы 2,5 шақырым, ені 80 метр, 4 жолақты. Қазіргі уақытта жұмыс 60 пайызға орындалған, 2022 жылға өтпелі.
3 кезең – Жанаталап елді-мекеніндегі бұрылыстан кейінгі Бадам өзені көпір жүйесі 100% аяқталған.
4 кезең – Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейін. Жалпы ұзындығы 1,86 шқ құрайды. Автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Құрылыс жұмыстары басталды, жолды 2022 жылға аяқтау жоспарланған.
Автомобиль жолының төрт кезеңінде де екі жағынан су ағатын арық, жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар орнату көзделген.
Бұл жолдардың құрылысы аяқталғанда қаладағы көлік кептелісі азаяды және қанағаттанарлық жағдайдағы сапалы жолдар үлесі артады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі