Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп – гимназияның педагог-психологтарының ұйымдастыруымен
«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек» тақырыбындағы ата-аналар конференциясы өтті.
Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі 1- сынып оқушыларын мектепке бейімдеу. Баланы мектепке дайындау маңызды, мектеп өміріне бейімделуіне көмек көрсету.
Жылдан жылға оқушылардың 1 сыныпқа бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Өйткені олардың күн режимі өзгереді, 1-сынып бағдарламасы күрделене түседі. Осы 1-сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болады.
Бұлар:
-Балалардың мінезі өзгереді;
-Тез шаршайды;
-Көңіл-күйлері бұзылады;
-Мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді.
Сондықтан да осы жоғарыда көрсетілген мәселелердің алдын-алуда 1-сынып оқушыларын психологиялық сүйемелдеу қажет. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса , тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат, азаматша болары сөзсіз.