«Президенттік жастар кадр резерві – егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беретін бірегей жобаға» 18-36 жас аралығындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес қызметкерлерге сынақ тапсырып, бағын сынау мүмкіндігі туып тұр. Осыған орай, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосу үшін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінің жас ұстаздары сынақтан өтуде.