Шымкентте жолаушылар көлігі саласын оңтайландыру жұмысы жалғасуда. Сондай-ақ, қоғамдық көлік саласындағы қызмет сапасы да дұрыс жолға қойылып келеді.
Солардың бірі жолаушыларға қолайлы болу үшін Шымкентте №27 , 35 , 74 , 84 , 103 маршруттардың жұмысы сағат 07 : 00 — дан 22 : 00-ге дейін ұзартылды.
Аталмыш маршруттар бойынша автомобиль көлігімен жолаушылар және багажды тасымалдау қағидасына сәйкес және Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы негізінде 21 маусымнан бастап « T — Bus » ЖШС — гі қызмет көрсетуде.
Айта кетейік, мегаполисте 77 бағыт бойынша, 880 қоғамдық көлік бар.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі