Шымкент қаласының «Достық» шағын ауданында газ және кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Қала әкімі жүзеге асқан жұмыстардың барысын аралап көрді.
Шағынауданда кәріз жүйесімен қамту жұмыстарына жауапты мердігер – «Газовое хозяйствто «Шымкентгаз» ЖШС. Кəріз жүйелерінің ұзындығы – 51,3 шақырым. Бүгінде 40 % жұмыстар орындалған. Нысан құрылысын 2022 жылдың қазан айында аяқтау жоспарда.
Сонымен қатар, шағын ауданда «ГХ Шымкентгаз» ЖШС тарапынан газ жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Газ жүйелерінің ұзындығы — 46,06 шақырым. Қазіргі таңда 50 % жұмыстар орындалды. Құрылыс жұмыстарын биыл қазан айында аяқтау жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі