Шымкент қаласында «А-2» автомобиль жолын қайта құру жұмыстарының ІІ кезеңінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов бастаған арнайы топ 2020-2022 жылдар аралығына жоспарланған нысанға барып, жұмыс барысымен танысты.
А2 «Хоргос-Алматы-Шымкент» автожолының 2-ші кезеңі нысанының жалпы ұзындығы — 2,45 шақырым.
Қазіргі уақытта жолдың 900 метрден астам бөлігінің асфальт төсемі төселген және аяқжол орнату жұмыстары атқарылуда. Бүгінде жұмыстардың 30 %-ы аяқталған. Құрылысқа жауапты бас мердігер — “Отау-Строй” ЖШС-і.
Бүгінгі таңда 24 жер телімін қайтаруға қажеттілік туындауда. Жер телімдерін қайтару мәселесі шешілген жағдайда нысанды биыл аяқтау жоспарда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі