Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғ.Мәуленқұлов бастаған арнайы топ Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылыс жұмыстарының барысын аралап көрді. Жол-құрылысының (А-2 жолынан М-32 жол айрығына дейін) ұзындығы — 7,6 шақырым, ені — 43 метр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Әл-Фараби көшесіне қосылатын учаскеде 900 метр жолдың жер жұмыстары атқарылуда. Жоба құрылысы 2017-2021 жылдар аралығына жоспарланған болатын.
Мердігер- «Отау-Строй» ЖШС. Қазіргі таңда 6,7 шақырым жол жамылғысы, ирригация жүйесі мен аяқжолдар салынды. Бүгінде 14 жер телімі құрылыс жұмыстарына кедергі келтіруде. Сол себепті жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтару жұмыстары қарқынды жүргізілуде.