Қазақстанда кілем және кілем бұйымдарын өндіруші ірі 2 фабрика бар. Ол Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан «Бал Текстиль» ЖШС және «Назар Текстиль» ЖШС фабрикалар.
«Бал Текстиль» ЖШС — қазақстандық кәсіпкерлер мен «Kartal Carpets» түрік компаниясымен бірлескен жобасы. «Kartal Carpets» — Түркия Республикасындағы кілем өндірісінің алғашқы ондығына кіретін тауарлардың ірі экспорттаушысы.
Фабрика «Оңтүстік» АЭА аумағында 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. 2015 жылы синтетикалық иірімжіпті өндіру бойынша екінші жобасын іске қосты. Бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік құнын 20%-ға арзандатуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтарында кілем және кілем бұйымдарын өндіру бойынша үшінші жобасын іске қосты.
Кілемдер мен кілем бұйымдары «BCF», «Heat-Set» маркалы синтетикалық полипропилен жіптерінен жасалады. Өнім «TURAN», «Хан Тәңірі», «Алатау», «Bars», «Сарыарқа», «Ұлытау», «Алаш», «Отырар» және т.б. сауда маркаларымен шығарылады. Шикізат Бангладеш, Иран, Түркия, Малайзия, Қытай сияқты түрлі елдерден әкелінеді. Фабрика «Vandewiele» (Бельгия), «TEXTIMA EXPORT IMPORT GMBH» (Германия), Neumag (Германия), «Superba» (Германия), «Volkmann» (Германия) компанияларының ең сапалы жабдықтарымен жабдықталғандықтан, шығарылатын өнімдер әлемдік деңгейдегі сапаға ие.
Жобаның жалпы құны – 11,2 млрд. теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 6 млн.шаршы метр кілем және кілем бұйымдары мен 4 мың тонна синтетикалық жіпті өндіре алады. Бүгінгі таңда кәсіпорында 219 адам жұмыс істейді.
«Бал Текстиль» ЖШС өнімдері ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, ТМД, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Еуропа елдеріне экспортталады.
«Назар Текстиль» ЖШС фабрикасы 2014 жылдан бастап кілем және кілем бұйымдарын өндіре бастады.
Жобаның жалпы құны – 1,8 млрд. теңгені құрайды. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы – 2,3 млн.шаршы метр кілем және кілем бұйымдарын өндіре алады. Бүгінгі таңда кәсіпорында 100 адам жұмыс істейді.
Фабрика бельгиялық «VandeWiele» заманауи кілем тоқу жабдықтарымен жабдықталған. Дайын өнім бүгінде Қазақстан Республикасының аумағында сатылуда.
2023 жылы «Назар-Текстиль» ЖШС кілем фабрикасында кілемдер мен кілем бұйымдарын дайындауға арналған ВСF, Heat-set, Frize сапалы полипропилен иірімжібін өндіру жөніндегі цехты пайдалануға беру жоспарлануда, бұл компанияға кілем тоқу станоктарының қуатын толық пайдалануға мүмкіндік береді, ал кейіннен сатып алушылар үшін кілем мен кілем бұйымдарының бағасын айтарлықтай төмендетуге ықпал етеді. Дизайнерлердің күнделікті күш-жігерімен кілемдердің жаңа коллекциялары жасалады, олар әрқашан өзекті, талғампаз және кез-келген талғамға ие.