Шымкент қаласының аудан аумақтарында көп жылдық ағаш көшеттері және гүлдерді егу жұмыстары жүргізілуде. Абай ауданы аумағында бүгінде негізгі орталық көшелердің бойына көп жылдық гүлдер мен ағаш көшеттер отырығызылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атап айтқанда, Момышұлы-Республика даңғылына – 8000 дана (сальвия, шафран, катаранс), Республика көшесіне – 2000 дана (шафран), әуежай аумағына – 4270 дана (циния, шафран, бананзе), Темірлан тас жолы (Бекжан, Агромад, Закир дүкендері) – 20 000 дана (циния, шафран, сальвия, газани, бананзе) және Бейбітшілік көшесіне – 1200 дана (шафран) гүл көшеттері отырғызылды.
Сонымен қатар, «Build Stroi» ЖШС жасыл желектерге егілген көшеттерді күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының тікелей бақылауында.