Биыл жаңа оқу жылына 1-сыныпқа балаларды қабылдау 1 сәуір — 1 тамыз аралығында жүргізіледі.
Өтініш беруші өзінің шағын ауданындағы білім беру ұйымына немесе басқа шағын ауданда орналасқан білім беру ұйымында бос орын болған жағдайда электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.
1-сыныпқа балалар 6 жастан (осы жылы 6 жасқа толатын балалар) қабылданады. Ол үшін өтініш, туу туралы куәлік, фотосурет 3х4 — 2 дана, денсаулығы туралы анықтама (0/26, 0/63), ерекше білімді қажет ететін балалар болған жағдайда «Педагогикалық- психологиялық- медициналық кеңесі» қорытындысы қажет.
Құжаттарды қабылдау тәртібі:
- Электронды түрде (1 жұмыс күні)
- Құжаттарды қабылдау туралы 15 минут ішінде СМС хабарлама жолданады.
- Құжаттарды қабылдау туралы СМС хабарлама немесе дәлелді бас тарту туралы СМС хабарлама жолданады.
Дәлелді бас тарту:
1.Құжаттардың толық болмауы;
2.Мектеп жобалық қуаттылығынан оқушылардың асуы
Білім беру ұйымдарына құжаттарды ұсыну алгоритмі
- Ата-ана элекронды цифрлық қолтаңба алуы тиіс.
- Электронды үкімет порталын ашу https://egov.kz.
- egov.kz порталында «БІЛІМ» бөліміне кіру.
- «БІЛІМ» бөлімінде «Орта білім» батырмасын таңдау.
- «Құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарына қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта)» қызметін таңдау.
- «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын таңдау.
- «Жеке кабинетке» кіру үшін жеке цифрлық қолтаңбаны пайдалану.
- Құжаттарды тізімге сәйкес жүктеу (Өтініш, туу туралы куәлік, 3×4 фотосурет — 2 дана, денсаулық туралы анықтамалар (0/23,0/63).
- Құжаттарды жүктегеннен кейін электронды цифрлық қолтаңбамен қол қою.
- Құжаттарды қарастыруға қабылдау туралы SMS хабарлама алыңыз.
- Бір жұмыс күні ішінде сіздің жеке кабинетіңізге немесе ұялы телефоныңызға оқуға қабылдау немесе дәлелді бас тарту туралы SMS хабарлама жіберіледі.