Шымкентте өз ісін жан-тәнімен сүйіп, болашақ жеңімпаздарды тәрбиелеп жүрген жаттықтырушы ЛОЛА ƏДІЛБЕКОВА көркем гимнастика мектебін ашты.
«Көркем гимнастика – спорттың ең сұлу түрі. Сондықтан да болар, соңғы кезде спорттың осы түріне деген сұраныс та артып отыр. Гимнастика әдемі спорт түрі болғанымен, күн сайын шаршамай-талмай еңбектенуді қажет етеді. Əр баланы чемпион еткім келеді» -дейді бапкер Лола Әділбекова.
Қазір мектеп гимнастшылары тепе-теңдікті сақтау, иілу, қиын да күрделі элементтерді үйренуде.
Спортшыларды патриоттыққа баулып, оларды жігерлендіріп отыратын бірден бір маман — ол бапкер. Бүгінде тәжірибелі спортшы білікті бапкерге айналып, бірнеше спорт түрінен ұлттық құраманы баптап отыр. Әдетте, білікті маман қашан да тасада қалмайды, олар білгенін үйретуге, білмегенін үйренуге әуес келеді.
Танымал чемпион Роза Абитованың алғашқы бапкері. Сонымен қатар Эльжан Таниева, Баян Койбакар секілді болашақ чемпиондарды бұл күнде өз мектебінде қабылдайды.
Еске сала кетейік, бапкер көркем гимнастика тарихында ең жас үштікті даярлап, олар Индонезияда өткен Азия ойындарынан бас жүлдемен оралған еді.
Гимнастика мектебі Шымкент қаласы, Рысқұлбеков көшесі 27/2 ғимаратта орналасқан.