Үшінші мегаполисте «Көктемгі гүлдер» мерекелік кеші өтті.
Аталған мәдени іс-шараның мақсаты — Наурыз мерекесі қарсаңында шымкенттіктерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау, жұлдыздардың ән тартуы арқылы жандарын жадырату.
Шымкенттің күміс көмей әншілері Оразәлі Жаңабай, ”Голос” және “X-Factor” телешоуларының финалисі Диана Хашимханова, Бексұлтан Отарбеков, Махмуд Урынбаев әннен шашу шашты.
Алтын дауыс иелері қазақтың халық әндері мен ”Вальс королі” атанған Шәмшінің әндерін нақышына келтіріп орындады. Сондай-ақ «Жетіген» вокалды-инструменталды тобы күй тартып, “Шалқыма” би тобының өкілдері өз өнерлерін паш етті.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы