Бүгін, 20-наурыз — Зияткерлік күні. Қала әкімі Мұрат Әйтенов балалар кітапханасында жүріп жатқан жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Балалар кітапханасының директоры Жанар Сауранбекова алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндады. Заманауи үлгіде қайта өзгерген руханият орны 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ашылады.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жанар Сауранбекованың айтуынша, жаңа кейіпке енгізілетін кітапханаға балалар мен ата-аналардың қызығушылығы өте жоғары.
– Кітапхана 30 мың кітап қорымен қамтылған. Руханият орны 7 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта балалар кітарханасы жастар бас қосатын көңілді орынға айналады деп ойлаймын, — деді Жанар Сауранбекова.
Бұдан былай, балалар кітапханасында түрлі тренингтер, шеберлік сыныптары, дайындық курстары мен тіл үйрену бұрыштары жұмыс істемек.