Шымкент қаласында «Қоғам және мемлекет: Серіктестік пен дамудың 30 жылы «Birgemiz» тақырыбында II Азаматтық форумы өтіп жатыр.
Қаламыздың қоғам белсенділерін біріктіретін дәстүрлі ауқымды іс-шара биыл қатысушылардың қауіпсіздігі үшін Азаматтық форум онлайн форматта ұйымдастырылды.
Жиынға онлайн қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов осы форумда қоғамды дамытуға бағытталған әрбір жоба мен шешімін күткен мәселелерді бірлесіп талқылауға дайын екенін жеткізді.
— Үкіметтік емес ұйымдар Шымкентте де бірқатар әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етіп келеді. Бүгінде қаламызда 800-ге жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Азаматтық қоғам мүшелері қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келеді. Азаматтық қоғам қалыптастыру — еліміздің бастапқы бағыты. Бүгінгі форумда біз қоғамды дамытуға бағытталған әрбір жоба мен шешімін күткен өзге де мәселелерді қозғап, бірлесіп талқылауға дайынбыз, — деді қала әкімі
Форум аясында семинарлар, дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңдары, сұрақ-жауап, министрліктер мен ведомстволардың өкілдерімен салалық кездесулер өтеді.
Айта кетейік, аталған форумға ҚР Қоғамдық даму вице — министрі Болат Тілепов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ Президенті Бану Нұрғазиева «Шымкент қаласы Мәслихатының хатшылығы, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен Шымкент қаласының ҮЕҰ өкілдері қатысуда.