Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданын аралау барысында Испания технологиясы бойынша салынған 5000 тоннаға арналған көкөніс қоймасы мен көкөніс көшеттерін өсіруге арналған 2 га жылыжай кешенін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұл нысандар «Ақ ордасы» корпорациясы» ЖШС еншілес кәіспорындар. Корпорация бүгінге дейін тұрғын үй, жылжымайтын мүлік объектілері, инфрақұрылым объектілерін салу, сондай-ақ, аумақтарды көгалдандыру мен абаттандыру қызметін көрсетіп келген.
Құрылымына құрылыс және ауыл шаруашылығы секторын жүзеге асыратын 13 еншілес компания кіреді. Қазіргі уақытта бұл корпорацияда 2500 астам адам жұмыс істейді. Олардың 1000-нан астамы штаттық негізде жұмыс жасайтын қызметкерлер.
Бүгінде корпорация — құрылыс пен жылыжай саласында көп жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін оңтүстік өңіріндегі ең ірі құрылыс компанияларының бірі болып табылады.