Шымкент қаласының Еңбекші ауданында жиырма мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде 27-сі ірі, 116-орта, 5 861-і шағын және 13 143 ұсақ кәсіпкерлік иеліктер. Олардан келіп түсетін салық арқылы ауданның бюджет түсімдері жылдан жылға ұлғайып келеді.
Бұл жөнінде Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтты.
— Жергілікті бюджетке осы жылдың 10 айында 62 млрд теңгеден аса қаржы жиналып, өткен жылдың тиісті кезеңімен (39 998 млрд теңге) салыстырғанда 56 % артты, -деді ол.
Шымкент қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылы Қаратау ауданының инфрақұрылымын және кәсіпкерлік бағытын дамытуға 30,5 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Нәтижесінде 564 жаңа жұмыс орны құрылған. Бұл үшінші мегаполис атанып дербес бөлініп шыққан Шымкент қаласы үшін жақсы көрсеткіш екендігі ақиқат. Салық түсімі артқан сайын қаланың да экономикалық қуаты күшейе түспек.