Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімдігінде жемқорлық құқық бұзушылығын болдырмау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен аудан әкімі аппаратының қызметшілері ИЧ 167/11 тергеу изоляторы жұмысымен танысты.
Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.
Ғалымжан Молдабайұлының сөзінше, жемқорлық әрекеттерінің алдын-алу үшін аудан аппараты қызметшілері арасында 10 рет құқықтық семинарлар өткізілген.
–Аудан әкімігі ғимаратында және «Қазығұрт», «Қаратөбе», «Жұлдыз» аумақтық бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық көріністері орын алған жағдайда 1424 байланыс нөмірі туралы және атаулы әлеуметтік көмекке тағайындау барысында жемқорлық жағдайына жол бермеу жөнінде жаднамалар ілінген. Қазір Қаратау аудан әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында «Ашық әкімдік» кабинеті жұмыс істеп отыр, — деді Ғалымжан Ильясов.
Сонымен қатар, аудан әкімі әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тұрғындардан келген өтініш пен шағымдарына дер кезінде жауап берілетінін айтты.