Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары мен аудандық әкімдік қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді.
Профилактикалық шарада №1 мамандандырылған бөлімінің жауынгерлері Нұрсәт шағын ауданында тұрғындарға сақтық шараларды еске салып, қырағы болуға шақырды.
Сонымен қатар, жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі мен улы газдан сақтану туралы 250 жадынама таратты.
Көп балалы мен әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға ерекше назар аударған сала мамандары үйіне арнайы барып, тілсіз жаудан сақтанудың жолын түсіндірді.
Құрметті қала тұрғындары! Жылу беру маусымында газ құрылғыларын тексеріп, ақауларды байқасаңыз міндетті түрде «104» байланыс номеріне хабарласыңыздар! Есіңізде болсын:
— газ қондырғылары уақытылы тексеру керек;
— газ плиталарын бөлме жылыту үшін
пайдалануға тыйым салынады;
— үйден шығарда газ бұрандамасын жауып шығу қажет;
— баллон мен газ арақашықтығы жарты метр болуы керек;
-газ құрлғыларын өз бетінше ашып, өз бетінше жөндеуге болмайды.