Күзгі әскерге шақыру науқаны шеңберінде Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің қатарын толықтырған Нұр-сұлтан қаласы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан жас буын өз өміріндегі ең маңызды әскери рәсімге – әскери ант қабылдауға дайындалуда.
Осы күзде Шымкенттің әскери бөлімін 90-нан астам әскерге шақырылушы толықтырды. Бөлімге келгеннен кейін шақырылушылар ПТР әдісімен коронавирустық инфекцияға тест тапсырды және 2 апталық карантинде болды. Қазір олар жас жауынгердің курсынан өтуде.
Жас жауынгердің курсы барысында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бөлім басшылығымен және әскери бөлімнің тарихымен танысып үлгерді. Енді олар жалпыәскери дайындықтың негізгі пәндерін оқуда, саптық, физикалық, әскери-медициналық даярлықты, жалпыәскери жарғылар мен әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздерін үйренуде.
Жас буын санаулы күндерден кейін Отан алдында ант қабылдайды. Қабылдаған антына сарбаздар тек қызмет кезінде ғана емес, сонымен бірге қызмет аяқталғаннан кейін де адал болуы керек.
Жеке құрам өз командирлерінің басшылығымен саптық алаңға шығудан бастап, әскери ант беру рәсімінің барлық кезеңдерін жоспарлы түрде пысықтап және оны біртіндеп мінсіз күйге жеткізе отырып, салтанатты шеруімен аяқтауы керек.
«Отанға адал болуға ант берген күн, өмірде бір рет ғана болады! Біз барлығымыз өз іс-әрекетімізді және командирлеріміздің пәрмендерін нақты және сенімді орындауға тырысамыз. Әскери анттың мәтінінде үлкен емес, бірақ оның терең мағынасы бар. Біз тек мерзімді қызмет өткеру уақытында ғана емес, оны аяқтағаннан кейін де өз антымызға адал болуымыз керек, өйткені біздің анттың әрбір сөзінде біздің әкелеріміз бен арғы аталарымыздың барлық игі уәждерін қамтыған терең әрі ізгі мағына жатыр», — дейді осы күзде Қызылорда облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Елнар Нұрланов.
Әскерге шақырылушылардың салтанатты ант қабылдау рәсімі ағымдағы жылдың 22 қарашасына жоспарланған.